14:37, 08 Шілде 2016 | GMT +5
                                        Испаниядағы бұқалар жарысы - зардап шеккендер бар (ВИДЕО)
                                            АСТАНА. ҚазАқпарат - Сан-Фермин мерекесі өтіп жатқан Испанияның Памплона қаласында бұқалардан қашып жүгіру кезінде төрт адам зардап шекті. 
                                        
                                        
                                     
                                              Барлық жарақат құлаудан болған, бірде-бір адам өгізден таяқ жеген жоқ. Зардап шеккен жарысқа қатысушылар бассүйек-ми жарақатымен ауруханаға жатқызылды, енді бірінің қолына зақым келген, деп хабарлайды rosbalt.ru.
Бірінші жүгіруге 6 бұқа мен мыңға жуық адам қатысқан. 830 метрге созылған бұл жүгіріс 2 минут, 28 секундқа созылған.
Сан-Фермин фестивалі 8 ғасырдан бері жыл сайын тойланып келеді. Коррида және қала көшелерінде бұқадан қашып жүгіру  - фестивальдің ең танымал бөлігі болып саналады.