Испаниядағы дауылдан төрт адам мерт болды
Дүйсенбі күні Валенсиядағы толқындар 8,44 метр биіктікке дейін көтерілді. Порт билігінің айтуынша, бұл – рекордтық көрсеткіш.
Қала мэрі Педро-Бернардо Дэвид Сеговия Авила орталық провинциясында 63 жастағы ер адам өз үйінде қаза тапқанын жеткізді. Оны құйынды желден көкке ұшқан шатыр жабындысы жарақаттаған. Валенсияға жақын жердегі Гандияда 54 жастағы үйсіз әйел суық ауа райынан мерт болды. Астурияның солтүстік-батыс бөлігінде қар құрсауында қалған жолда автокөлік адамды соғып кетіп, ол оқиға орнында мерт болған. Төртінші құрбан болған адам дүйсенбі күні таңертең өз үйінің маңында табылды. Ол суықтан қаза тапты деген болжам бар.
Каталония аймақтық үкіметі Жирон, Барселона және Каталонияның орталық аудандарында ашық аспан астында іс-шара өткізуге тыйым салды. Билік өкілдерінің мәліметі бойынша, тәртіпті бұзғандарға айыппұл салынады.