Ыстанбұлда каратэден өтетін Премьер-лига бәсекесіне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Ыстанбұл қаласында 23-25 қаңтар аралығында WKF каратэден 2026 жылдың алғашқы Премьер-лига санатындағы бәсекесі өтеді.

Ыстанбұлда каратэден өтетін Премьер-лига бәсекесіне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Фото: Қазақстан каратэ федерациясы

Қазақстан каратэ федерациясынан мәлім еткеніндей, айтулы додада әр салмақта әлемдік рейтингіде үздік 32 спортшы ғана сынға түседі. 

Бұл жарысқа Қазақстан әдеттегідей ауқымды командамен барады. 

Әйелдер (кумите): 

Айшабибі Шарахан (-55 кг), 
Әсел Қанай (-61 кг),
Айжан Бәкірова (-61 кг),
Дайяна Даренская (-68 кг),
Софья Берульцева (+68 кг).

Ерлер (кумите): 

Дархан Темірәлиев (-60 кг), 
Жоламан Биғабыл (-60 кг),
Еркінбек Байтөреев (-67 кг),
Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг),
Әлихан Қадырғали (-84 кг),
Диас Анарбеков (+84 кг),
Диас Ұлбек (+84 кг).

Ыстанбұлдағы жарыста барлығы 65 елден іріктелген 382 каратэ шебері күш сынасады. Жекпе-жектер Халықаралық каратэ федерациясының YouTube арнасы (World Karate) арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұдан бұрын Софья Берульцеваның Мәскеу турнирінің үш дүркін чемпионы атанғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум