Ыстанбұлда қарулы ер мен әйел сот ғимаратына шабуыл жасады

теракт
Фото: Анадолы агенттігі

ЫСТАНБҰЛ. KAZINFORM — Ыстанбұлда Чағлайан аудандық сот ғимаратының кіреберісіндегі күзет пунктіне қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлайды Анадолы агенттігі. 

Бұл туралы Түркияның Ішкі істер министрі Әли Ерликая Х әлеуметтік желісінде хабарлады. 

Оның айтуынша, шабуыл жасаған екі адам (ер адам және әйел) өлтірілді. 

Шабуыл салдарынан 6 адам жарақат алды, оның арасында полицияның үш қызметкері бар, деп хабарлады министр. 

Оқиға жергілікті уақытпен сағат 11:46-да болған, деп нақтылады ведомство басшысы. 

Министрдің хабарлауынша, шабуыл жасағандар DHKP/C лаңкестік ұйымының мүшелері болған.

Соңғы жаңалықтар