09:37, 15 Шілде 2009 | GMT +5
Италия медиктері A/H1N1 тұмауына қарсы 8,6 миллион адамға егу шараларын жүргізеді
РИМ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат - Италия медиктері жылдың соңына дейін A/H1N1 тұмауына қарсы 8,6 миллион адамға егу шараларын жүргізеді,

деп хабарлады сейсенбі күні кешке журналистерге Италияның әлеуметтік даму және денсаулық сақтау вице-министрі Ферручо Фацио. ҚазАқпарат бұл туралы «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Вице-министрдің айтуынша, «жаңа тұмауға» қарсы вакцина ағымдағы жылдың қазан айында дайын болып қалады.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, сәуірдің 24-інен бері Италияда A/H1N1 тұмауын жұқтырудың 224 оқиғасы тіркеліп отыр. Ал аурулардың алдын алу және барысын бақылау жөніндегі еуропалық орталықтың соңғы ақпаратына сүйенсек, әлемде A/H1N1 тұмауын жұқтырудың 116 мыңнан астам оқиғасы тіркелген, 580 адам аурудан көз жұмған.