03:19, 23 Тамыз 2014 | GMT +5
Италия Премьер-министрі қоғамдық шараға қатысып, өзіне мұздай су құйды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия Премьер-министрі Маттео Ренци амиотрофикалық склерозбен ауыратындарды қолдау үшін ұйымдастырылған Ice Bucket Challenge қайырымдылық мақсатындағы флешмобына қатысты, деп хабарлады Би-би-Си.

Шілде айында басталған флешмобқа Facebook құрушысы Марк Цукерберг, Microsoft бұрынғы басшысы Билл Гейтс, әнші Джастин Тимберлейк қатысты. Қоғамдық шараның шарты бойынша, қатысушы өзіне мұздай су құюы керек. Сосын сол істі үш адамға сілтеу қажет. Таңдалған адам 24 сағат ішінде мұздай суды құйынбайтын болса, дертті жандарды қолдау үшін құрылған қайырымдылық қорына ақша аударуы қажет. АҚШ Президенті судан қашып, қорға ақша аударған.