Италия премьер-министрінің Қазақстанға жоспарланған сапары кейінге шегерілді
АСТАНА. KAZINFORM — Оған себеп Италия Үкіметінің басшысы Джорджа Мелони Рим Папасы Францискті жерлеу рәсіміне қатысады.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті.
— Италия тарапының өтініші бойынша Премьер-министр Джорджа Мелонидің 26-27 сәуір күндері Қазақстанға жоспарланған ресми сапары мен «Орталық Азия — Италия» алғашқы саммитіне қатысуы кейінге шегерілді. Себебі Италия Үкіметінің басшысы Рим Папасы Францискті жерлеу рәсіміне қатысады. Сапардың уақыты қосымша хабарланады, — деді Желдібай.
Осыған дейін Италия Премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келетіні айтылған еді.
Еске сала кетсек, Рим Папасы Франциск 21 сәуірде 89 жасқа қараған шағында көз жұмды.
Католик шіркеуінің келесі басшысы кім бола алады және ол қалай сайланады? Бұл туралы Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі арнайы материал дайындады.
Бұдан бөлек Рим Папасын жерлеу рәсімі қашан өтетіні хабарланды.