Италияда авиашоу кезінде екі ұшақ соқтығысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италиялық Торторетода авиашоу кезінде екі ұшақ апатқа ұшырады. Салдарынан ұшқыштардың бірі қаза тапты.
None
None

БАҚ хабарлағандай, ұшақтар әуеде соқтығысқан сәтте олардың бірінің қанаты зақымданып, теңізге құлаған.

Ал ұшағын суға қондырып үлгерген екінші ұшқыш ажалдан аман қалды. Оны ауруханаға жеткізді, деп хабарлады Il Messaggero.

Соңғы жаңалықтар