Италияда беделді Бальцан сыйлығы берілді

АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Миланда гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарына қосқан үлесі үшін берілетін Бальцан сыйлығымен марапаттау рәсімі болып өтті.
None
None

Оның сыйлық қоры миллион швейцариялық франкті, яғни 940 мың долларды құрайды, ал осы сомалардың жартысын лауреат ғылыми зерттеулерді жалғастыру үшін беруге міндеттенеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Ренессанс әдебиеті саласын зерттеуге арналған награда XVI-XVII ғасырлардағы француз әдебиетінің ірі маманы және аудармашы, оксфордтық профессор Теренс Кейв ке бұйырды. 2009 жылдың екінші гуманитарлық сыйлығы тарихшы-ғалым, Флорентия университетінің профессоры итальяндық Паоло Росси-Монтиге тапсырылды. Жалпы сыйлық төрт аталым бойынша беріледі.

Сыйлық 1930 жылдары Италиядан Швейцарияға эмиграцияланған Corriere della Sera газеті иелерінің бірі Эудженио Бальцанның құрметіне орай аталған. Ол жалғыз қызына мол байлық қалдырады. Қызы осы мұрадан сыйлық қорын құрады. Бальцан наградасы 1961 жылдан бері беріліп келеді. Лауреаттар қатарында математиктер - Андрей Колмогоров пен Михаил Громов, композиторлар - Пауль Хиндемит пен Дьердь Лигети, археолог - Колин Ренфрю, тарихшы - Эрик Хобсбаум, философ - Поль Рикер, жазушы - Хорхе Луис Борхес бар.

Соңғы жаңалықтар