Италияда ең қарт кейуананың бірі 112 жасында өмірден өтті

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - Италияда тұратын ең қарт кейуананың бірі Терезия Штаффлер дүйсенбі күні кешке елдің солтүстігіндегі Трентино-Альто Адидже облысындағы Санта-Валпурга деген таулы мекенде 112-ге келген жасында дүниеден озды.
None
None

Бұл туралы «РИА «Новости» агенттігі итальяндық бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлап отыр.

Сонау 1898 жылы туған кейуана ХІХ, ХХ және ХХІ ғасырларда өмір сүре алды. Ол ұзақ өмір сүрушілердің әлемдік тізімінде 45-ші орында болған. Кейуананы оның 88 және 85 жастағы екі қызы, көптеген немерелері мен шөбере-шөпшектері жерлейтін болады.

Соңғы жаңалықтар