Италияда Израиль командасын баскетбол матчына қарсы акциямен қарсы алды

АСТАНА. KAZINFORM — Болонья қаласында Еуролига 12-туры аясында «Виртус Болонья» мен Тель-Авивтің «Маккаби» командасы арасындағы матч алдында Израиль командасына қарсы наразылық акциясы ұйымдастырылды, деп жазады Анадолы.

Италияда Израиль командасын баскетбол матчына қарсы акциямен қарсы алды
Фото: Анадолы

Бүгінгі матчқа дейін Болоньядағы Маджоре алаңына мыңдаған адам жиналып, халықаралық спорт жарыстарына Израиль командаларының қатысуына, соның ішінде бүгінгі «Маккаби» командасының қатысуына наразылықтарын білдірді.

Ұлттық БАҚ жариялаған ақпарат пен суреттерге сәйкес, наразылық білдірушілер «Израильге қызыл карта көрсетіңіз» деген плакат ұстаған және Газада палестиналықтарға геноцид жасаған Израильді спорттық жарыстардан шығаруын талап етті. Олар «Палестинаға бостандық» деп ұрандады.

Қала көшелерінде, әсіресе Ламе көшесінде, кейбір демонстранттар мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыстар болды.

Қауіпсіздік қызметі наразылыққа су бүріккіштерді пайдаланып жауап берді, ал кейбір демонстранттар қоқыс жәшіктерінен бөгеттер жасап, қолдарында алау-шамдар ұстап қарсы тұрды.

Осы оқиғалардың салдарынан кейбір көшелер «қалалық шайқас алаңына» айналды.

Сонымен қатар, 21 қарашада Миланда Еуропа баскетбол лигасының EA7 Emporio Armani Olimpia Milano мен Hapoel командалары арасындағы матч алдында Израиль командасына қарсы наразылықтар өткен болатын.

Осыдан бұрын Италиядағы ереуілдерге 2 млн-нан астам адам қатысқаны хабарланды. Кәсіподақ қайраткерлері, студенттер, белсенді топтар мен отбасылар Палестина туы мен Израильді «басқыншылықты тоқтатуға» шақырған плакаттар көтеріп, елдің түкпір-түкпіріндегі қалалардағы тасжолдар мен көлік тораптарын жауып тастады.

Соңғы жаңалықтар