Италияда Пикассо қолтаңбасын қалдырған гитара табылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Agence France-Presse сайтына сілтеме жасап.
Гитара Римнің маңында тұратын бір бизнесменнің үйінде, аяқ-киім салынған қораптан табылған.
Гитараны іздеу өткен жылы қайтыс болған, Пикассоның достарының бірінің әйелі Джузеппе Витторио Паризидің талабы бойынша басталған болатын. Оның айтуынша, Пабло Пикассо бір кездері өзінің қызы Палома үшін гитараның бетіне сурет салып, кейіннен оны Паризиге берген. Пикассоның тірі кезінде Паризиге итальяндық бір бизнесмен Пикассоның бұл жұмысын оның сақтауына беру туралы өтініш білдірген және оны шыны жәшікке орналастыруға - жұртшылықтың назарына ұсынуға уәде еткен.
Сөйтіп, гитараның иесі оны бизнесменге береді, алайда мұнан кейін Пикассоның жұмысы ізім-қайым жоғалады. Паризи қайтыс болғаннан кейін оның жұбайы Ванда жоғалған ғажайып туындыны іздеу жөнінде полицияға өтініш білдіреді. Гитараны Паризи сақтауға берген сол бизнесменнің үйінен табудың сәті түсті.
Табылған сарғыш, сұр және қара түстермен боялған гитара итальяндық Макканьо қаласындағы қазіргі заман өнерінің мұражайына орналастырылмақшы.