Италияда пойыздан кешіккен жас музыкант вокзалда өнер көрсетіп, әлемге танылды

АСТАНА. ҚазАқпарат -- Римнен Миланға жүретін пойыздан кешігіп қалған 21 жастағы Эмануэль Фазано есімді италиялық музыкант вокзалда тұрған пианинода өз туындыларын ойнап, әлемге танылды, деп жазады шетелдік БАҚ.
None
None

Жас жігіт келесі пойызды күтіп, вокзалда уақыт қысқарту үшін сондағы музыкалық аспапта жұртышылыққа өз туындысын ойнап берген. Оны жанындағы продюссері бейнеге түсіріп алып, әлеуметтік желіге салған.
Роликті тамашалағандар саны бірден артты. Жас пианистің өзі туындысының халыққа ұнағанына бірден сене қоймағанын айтты. Ол осыдан кейін Ұлыбританияда өтетін концертте өнер көрсетуге шақырту алды.
Бұған дейін Фазано қонақүйлер мен мейрамханаларда жұмыс істеп, нәпақа тауып жүрген.

Соңғы жаңалықтар