Италияда шағын ұшақ трассаға құлап, екі адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Италияның Ломбардия өңірінде жеңіл салмақтағы ұшақ қозғалысы тығыз автожолға құлап, екі адамның өмірін қиды, деп хабарлайды ANSA.

Самолет упал на оживленную трассу в Италии
Фото: Видеодан алынған скрин

Оқиға сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрларда ұшақ құлағаннан кейін бірден өрт шыққаны көрінеді.

Ұшақта болған ер мен әйел ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Ұшақ бөлшектері бірнеше көлікке зақым келтіргенімен, жүргізушілер дін аман.

Қазіргі таңда апаттың нақты себебі анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бангладеште ӘӘК-ке тиесілі ұшақ колледж асханасының шатырына құлап түскені хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар