Италияда теннистен жүлде қоры 220 мың АҚШ долларын құрайтын халықаралық турнир өтіп жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жүлде қоры 220 мың АҚШ долларын құрайтын бұл дүбірлі дода Әйелдердің теннис қауымдастығы туры ( WTA-Tour) сериясына кіреді. 1990 жылдан бері дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп келе жатқан бұл жарыстың жүлде қоры өткен жылы 145 мың долларды құраған болатын. Биыл бұл жарыста Қазақстанның ұлттық рейтингінде бірінші орында тұрған Я. Шведова алғашқы айналымда жарыс қожайыны Натали Виеринді 6:3, 6:2 есебімен ұтты. Екінші айналымда ол тағы бір италияндық спортшы Альберто Бриантимен кездесетін болды. Олардың отандасы Араван Резе бұған дейін ұлттық рейтингте екінші сатыда тұрған астаналық Галина Воскобоеваны 6:2, 6:4 есебімен ұтып, жарыс жолынан шығарып тастаған болатын. Араван енді екінші айналымда американдық Варвара Лепченкомен сайысқа түспек.