Италиядағы жарыста Данилина мен Құламбаева жартылай финал жолдамасын сарапқа салады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Парма (Италия) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.

Данилина
Фото: ҚТФ

Доданың 1-ракеткалары Анна Данилина – италиялық Анжелика Морателли бастапқы кездесуде бельгиялықтар Янина Викмайер – Кимпберли Циммерманның мысын басты.

Матч 6:3, 6:2 есебімен қазақстандық-италиялық дуэттің пайдасына аяқталды.

Бір сағат 6 минутқа созылған бәсекеде Данилина – Морателли эйс жасамағанымен, 6 брейк-пойнттың төртеуін құр жіберген жоқ. Викмайер – Циммерманн 1 эйс, 1 брейктен (5 брейк-пойнт) аса алмады.

Анна Данилина – Анжелика Морателли жартылай финалға шығу үшін тағы бір қазақстандық Жібек Құламбаева – италиялық Николь Фосса-Уэргомен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Парма турнирі Путинцева мен Құламбаева үшін сәтті басталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар