Италияның оңтүстігінде иммигранттар толқуы салдарынан 66 адам жараланды

оның ішінде 30-ы - иммигрант, 17-сі - жергілікті итальяндық, 19-ы полиция қызметкерлері, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Алғашқы тәртіпсіздіктер онда бейсенбі күні кешке басталған болатын. Полицияның күш-жігеріне қарамастан, тәртіпсіздіктердің соңы нәсілшілдікке наразылық білдіруші қаранәсілді иммигранттар мен «қонақтардың» әрекеттеріне ашынулы жергілікті халықтың арасындағы қақтығысқа ұласты.
Жаралылардың жағдайы орташа, олардың көбісі ауруханадан шықты. Жұма күні екі иммигрант оққа ұшты. Тағы бір заңсыз мигрант сенбі күні аяқ және қол жарақатын алды.
Африкалық 300-ден астам адам Калабрияның Кротон қаласындағы иммигранттарға арналған уақытша оқшаулау орталығына жөнелтілді. Тағы 300 иммигрант алдағы тәулікте басқа орталықтарға жайғастырылмақ.