Италияның солтүстігінде соғыстан қалған бомба жарылды
АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат - Италияның солтүстігіндегі Пьянченца қаласының маңында Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған бомба жарылды,
деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Төтенше оқиға бомбаны залалсыздандыру кезінде орын алған. Соғыс кезінде жарылмай қалған американдық оқтұмсықтың ішінде 80 келі фосфор болған. Снаряд полигонға әкетуге дайындалып қойылған жерде жарылған. Құдай сақтап, ешкім зардап шекпеген.