13:08, 16 Мамыр 2023 | GMT +5
Итбалықтардың жаппай қырылуына не себеп болуы мүмкін - Экология министрі түсініктеме берді
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова итбалықтардың жаппай қырылуына не себеп болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы қырылуға мұнай компанияларының қатысы болған жоқ. Бірақ кейбір ұшаларда жарақат белгілері болды. Ол кемеге соқтығысқаннан болуы да мүмкін. Қалай болғанда да адамдар тарапынан жасалатын өрескел әрекеттер оларға теріс әсер ететінін түсіну керек. Біз көп балық аулау торларын тауып жатамыз. Кейде итбалықтар осындай торларға түсіп өледі. Бірақ қырылуға мұнай әсері тікелей себеп болған жоқ», - деп түсініктеме берді Зүлфия Сүлейменова Үкімет отырысынан соң БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.
Еске салайық, таяуда Каспийде итбалық қырылып, қылмыстық іс қозғалған болатын.