IV Халықаралық кен-металлургия конгресі 12 маусымда өтеді.

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - 12 маусым күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында IV Халықаралық кен-металлургия конгресі өтеді. Бұл ақпаратты конгрестің ресми сайты таратты.

IV Халықаралық кен-металлургия конгресі 12 маусымда өтеді.

Биылғы конгрестің тақырыбы: «Әлемдік экономиканың тұрақсыз жағдайында кен-металлургия кешенінің технологиялық дамуы». Осыған орай Австралия, Ұлыбритания, Германия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия мен Францияның өкілдері Астанада бас қосып, осы саланың өзекті мәселелерін талқыға салады. Шара аясында арнайы көрме, сондай-ақ қара және түрлі-түсті металдар бойынша I қазақстандық конференция ұйымдастырылады. Ал ертесінде, 13 маусым күні кен-металлургия өндірісі қызметкерлерінің IV Съезі ашылады. Онда да жалақы жүйесін жетілдіру, маман даярлау сияқты өзекті мәселелер қаралады.