08:27, 24 Маусым 2022 | GMT +6
Иван Дычко аргентиналық боксшымен жекпе-жекте жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Иван Дычко (11-0, 11 КО) Буэнос-Айресте (Аргентина) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол аргентиналық Кевин Эспиндоламен (7-3, 2 КО) кездесті. Суперауыр салмақтағы жекпе-жек 10 раундқа есептелді және ол соңына дейін созылды.
Иван Дычко төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан боксшысы кәсіби спорттағы 12-інші жеңісіне қол жеткізді. И.Дычко барлық айқастарын мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтаған болатын. Оның бұған дейінгі жекпе-жегі былтырғы желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында 45 жастағы ресейлік Александр Устиновқа (36-6-1, 27 КО) қарсы өтті. Ол оппонентін бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Ал Кевин Эспиндола рингте осымен төртінші рет жығылып отыр. Ол биылғы сәуір айында төрешілердің бірауызды шешімімен жерлесі Науэль Паласиостадан (1-7, 0 КО) басым түсті.