Иван Дычко: «Кличкомен бірге өткізген дайындықтан соң Олимпиада алтынын көздеп отырмын»

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2012 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Иван Дычко Рио ойындарындағы қазақстандық жанкүйерлердің басты үмітіне айналды. Қазақстандық ауыр салмақты спортшы Лондондағы сәтті ойынынан соң, барлық халықаралық ойындарда мықтылардың қатарынан көрініп келді.
None
None

Жақында Иван Дычко танымал боксшы Владимир Кличконың командасында дайындықтан өтті. Иванның айтуынша, мықты қарсыластар кәсіби түрде шыңдалуға мүмкіндік береді.

«Мықты қарсыластардың арқасында біз өсеміз. Владимир Кличко - әлемдік бокс көшбасшыларының бірі. Онымен бірнеше спарринг өткіздім. Сәйкесінше, В.Кличкодан біраз тәжірибе алдым. Мен оны қатты ұра алмадым, ал оның мені қалай ұрғанын білмеймін енді (Күлді). Бәрі жақсы өтті. Осыдан кейін Қазақстан құрамасына қосылдым, қазір Алматы облысында дайындық жүргізудеміз. Жалпыфизикалық дайындықтан өтудемін. Қорытынды дайындық Астанада өтеді, одан кейін Риоға! Кличкомен бірге өткізген дайындықтан соң Олимпиада алтынын көздеп отырмын»,- деді И.Дычко Sports.kz-ке берген сұхбатында.

Кәсіби ринг туралы ойладыңыз ба деген сұраққа боксшы бар ойы Олимпиадада екенін айтқан. 

Соңғы жаңалықтар