Иван Скобревтің қарсыласы жаттықтырушысының кінәсінен алтын медальдан қағылды

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат - 10000 метрлік қашықтыққа олимпиадалық жүгіруден үздік нәтиже көрсеткен голландиялық конькимен жүгіруші Свен Крамер өзінің жаттықтырушысының кінәсінен ойыннан шеттетілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters сайтына сілтеме жасап.

Ресейлік Иван Скобревпен бір додада сайысқа түскен Крамер бұрылыстардың бірінде жүгіру жолағын шатастырып алды және бұған кінәлі Кемкерс болды.

Крамердің айтуынша, мәреге дейін сегіз айналым қалғанда жаттықтырушы оған оның айналмадан шығып, ішкі жолға өтуі керектігін көрсеткен. Спортшының шешім қабылдауға секундтың оннан бір бөлігіндей ғана уақыты болған және ол өз ұстазына құлақ асқан.

Конькимен жүгіруші бұл 10000 метрлік дода оның оң жамбасына келетін ең үздік сайыс болғандықтан қатты өкінетінін және қаны қайнайтынын айтты.

Кемкерс Крамердің ойыннан шеттетілуіндегі бар кінәні өзінің мойнына алды. Жаттықтырушы өзінің неден қара басқанын ақталуға сөз таппай отыр. Спортшы бұған дейін Олимпиада-2010 ойындарында 5000 метрлік қашықтыққа жүгіруден алтын медальды жеңіп алған болатын.

Соңғы жаңалықтар