ИЫҰ-ның І саммитін өткізу кезінде Астананың бірқатар көшелері жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10-11 қыркүйекте Астанада алғаш рет Ғылым және технологиялар бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. 
None
None

Ресми делегацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елорданың бірқатар көлік магистралінде қозғалысқа ішінара шектеу қойылады.
Қабанбай батыр даңғылы, Мәңгілік ел көшесі, Қонаев көшесі, Достық көшесі, Тұран даңғылы, Сарыарқа даңғылы, Абай даңғылы, Кенесары көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы, Ұлы дала көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Қалалық көшелердің жүктемесін ескере келе және қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін қала билігі елорда тұрғындары мен қонақтарына жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді.

Естеріңізге сала кетейік, ИЫҰ саммитін ұйымдастыру Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы. Мемлекет басшысы бұны 2016 жылдың сәуір айында Ыстанбұлда өткен ИЫҰ XIII Саммитінде айтқан болатын.

Астаналық ИЫҰ саммитіне барлық мемлекеттер-ИЫҰ мүшелері, атап айтқанда 35 ел, бақылаушы-мемлекеттер және өзге де бірқатар халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері шақырылды.

10 қыркүйекте саммиттің қатысушылары Астана ЭКСПО-2017 көрмесінің жабылу салтанатына қатысады деп күтілуде.

Айта кетейік, Қазақстан 1995 жылдан бастап ИЫҰ-на мүшелік етеді. Қазақстан 2011-2012 жж. ИЫҰ СІМК-нің 38 сессиясына төрағалық етті. Оның барысында штаб-пәтері Астанада орналасатын азық-түліктік қауіпсіздігі бойынша Ислам ұйымын құруға ұсыныс білдірілді.

Соңғы жаңалықтар