Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Із-түзсіз жоғалған 14 жасар қыз Петропавл вокзалын паналап жүрген жерінен табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында ағымдағы жылдың 25 қазанынан бері із-түзсіз жоғалғандар санатына енгізілген жасөспірім қызды тапты, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Із-түзсіз жоғалған 14 жасар қыз Петропавл вокзалын паналап жүрген жерінен табылды

Петропавл станциясындағы ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері темір жол вокзалындағы күту залында қараусыз және ата-анасының қадағалауынсыз жүргендердің  құжаттарын тексеру барысында аталған жасөспірім қызды анықтап, ұстады.

Көлік полицейлері 2002 жылы туған қыздың СҚО Тимирязев ауданы ІІБ-нің бағыттамасы бойынша іздестіруде жүргендігін анықтады.

Қазіргі уақытта ол Петропавл қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Сондай-ақ, аталған іс-шара барысында түнгі уақыттарда ата-анасының қарауынан тыс жүрген 79 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды, олардың 26-сы КТБО-ға орналастырылды.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылғы 1-11 қараша аралығында ҚР ІІМ Көліктегі ІІД-нің қызмет көрсету аумағында ескерту және жасөспірімдер қылмысының алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылыққа және қылмысқа итермелеуші ересек тұлғаларды анықтау мақсатында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.