Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Іздеуде жүрген жазасын өтеуші Атырауда моншалардың бірінде ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше басталған «Альтернативник» республикалық алдын алу шарасы аясында құқық қорғау органдары алғашқы екі тәулік ішінде бір жылдық жазасын өтеуден жалтарған және іздестірілуде жүрген екі адамды ұстады, деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінен.

Іздеуде жүрген жазасын өтеуші Атырауда моншалардың бірінде ұсталды

«2014 жылғы қарашада пробация қызметінде есепте тұрған сотталушылардың бірі жазасын өтеуден жалтарған. Ол мемлекеттік мүлікті ұрлағаны үшін сынақ мерзімімен екі жылға шартты түрде сотталған. Тараз қ. қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің тыңғылықты әрекетінің арқасында өткен жылғы күзден бастап іздестірілуде жүрген «қашқынның» тұрғылықты жері анықталды.

Бүгін ҚАЖ қызметкерлері ІІД криминалдық полициядағы әріптестерімен бірлесіп Атырау қ. моншаларының бірінде 35 жастағы жазасын өтеушіні ұстады», - деп атап өтті Жамбыл облысы ҚАЖ департаментінің бастығы Д. Рахымбердиев.

«Кеше Тараз қ. ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері ҚАЖ жәрдемімен пробация қызметінде есепте тұрған тағы бір жазасын өтеушіні қолға түсірді. Өткен жылғы шілдеден бастап сот қаулысымен үш жылға бас бостандығынан айырылған Жамбыл облысының тұрғынына жазасын өтеуден жалтарғаны үшін іздеу жарияланған», - деп қосты Д. Рахымбердиев.