Измир мен Алматы арасында тікелей әуе рейсі ашылады
АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылғы 31 шілдеден бастап Измир – Алматы – Измир бағыты бойынша тікелей әуе рейстері іске қосылады.
Қазақстан Республикасының Измирдегі Бас консулдығы мен SunExpress әуе компаниясы арасындағы келіссөздер нәтижесінде жаңа бағытты ашу туралы келісім жасалған.
Рейстер аптасына екі рет орындалып, 2026 жылдың қазан айының соңына дейін жалғасады.
Жаңа әуе бағыты Қазақстан азаматтары, студенттер, туристер және бизнес өкілдері үшін сапарларды едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұған дейін Өскемен-Өлгей әуе қатынасы ашылатыны хабарланған болатын.