Израиль 17 ақпанда Газа секторына қатысты келісімнің екінші кезеңін талқылайды
АСТАНА. KAZINFORM – Жақында Израиль премьер-министрі АҚШ президентінің Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкілі Стивен Уиткоффпен сөйлесті, деп хабарлайды ТАСС.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкілі Стивен Уиткоффқа 17 ақпанда Израильдің әскери-саяси кабинетін шақырып, тұтқындарды босату және Газа секторында атысты тоқтату жөніндегі келісімнің екінші кезеңін талқылайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Израиль үкіметі кеңсесі хабарлады.
- Нетаньяху жақында Уиткоффпен сөйлесті. Премьер-министр арнайы өкілге ертең (17 ақпан — ТАСС ескертп.) әскери-саяси кабинетті шақырып, (Газа бойынша) келісімнің екінші кезеңін талқылайтынын хабарлады, - делінген мәлімдемеде.
Еске сала кетейік, атысты тоқтату туралы келісім 19 қаңтарда күшіне енді және бұл Израиль мен ХАМАС арасындағы бірнеше айға созылған жанама келіссөздердің нәтижесі болды. Келіссөздерге АҚШ, Катар және Мысыр делдалдық жасады.