20:22, 13 Қаңтар 2010 | GMT +5
Израиль археологтары ежелгі үйдің қалдықтарын тапты
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат - Археологтар Тель-Авивке жақын маңнан жасы 8 мың жыл болатын үйдің қалдықтарын тапты. Жаңа олжа осы аймақтағы бұған дейін белгілі болып келген жәдігерлердің ішіндегі ең көнесі болып отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Үй үш бөлмеден тұрады. Қазба орнында үйдің өзінен басқа тұрмыстық заттардың үлкен көлемдегі бөлшектері және еңбек құралдары табылды, олардың көбісінің жасы құрылыстың өзіне қарағанда тым әріде жатыр. Ғалымдардың пікірінше, кейбір артефакттардың жасы 100 мың жылға жетеді.
Зерттеушілер табылған ғажайып олжаның үй орналасқан жерде - неолит дәуірінде - бұл аймақта адамдардың тұрғаны бұған дейін ғалымдарға белгісіз болғанын атап айтады. Ғалымдар көшпелілердің отырықшылықты қабылдауына - сол кезде осы аймақтағы жердің құнарлылығы себеп болған деп болжамдайды.