Израиль әскері Газа секторындағы 400-ден астам мектепке соққы жасады
АСТАНА. KAZINFORM — Газа секторында барлығы 564 мектеп бар, олардың 499-ы Израильдің шабуылына ұшыраған. Бұл туралы Анадолы хабарлады.

2023 жылғы 7 қазаннан бастап Израиль әскері Газа секторындағы 400-ден астам мектепке тікелей соққы жасады. Бұл мектептердің көпшілігі босқын палестиналықтар үшін паналау орнына айналған.
БҰҰ-ның Палестина босқындарына көмек және жұмыс ұйымдастыру жөніндегі Таяу Шығыс агенттігі әлеуметтік желілерде жариялаған мәлімдемеде, Израиль шабуылдарының салдарынан Газадағы мектептердің басым бөлігіне зақым келгені айтылған.
7 қазаннан бері Газада 403 мектеп тікелей Израиль соққыларына ұшыраған. Бұл сектордағы барлық мектептің 71 пайызына тең.
Израильдің шабуылдарының нәтижесінде Газадағы мектептердің 88 пайызы әртүрлі деңгейде зақымданған.
Газа секторында барлығы 564 мектеп бар, олардың 499-ы Израиль шабуылына ұшыраған.
Зақымдалған мектептердің 162-сі БҰҰ-ның Палестина босқындарына көмек және жұмыс ұйымдастыру жөніндегі Таяу Шығыс агенттігіне тиесілі.
Газадағы балалар 1,5 жыл бойы үздіксіз шабуылдарға байланысты қоныс аударуға мәжбүр болып, білім алу құқығынан айырылып отыр.
2023 жылғы 7 қазаннан бері Израиль әскері Газадағы мектептерге, соның ішінде босқындар паналаған БҰҰ-ның Палестина босқындарына көмек және жұмыс ұйымдастыру жөніндегі Таяу Шығыс агенттігіне тиесілі мектептеріне де соққы жасап жатыр.
Газадағы құрбандар саны 51 мыңға жуықтады.