Израильде 1100 жыл бұрынғы көне алтын монеталар табылды

ТЕЛЬ-АВИВ. ҚазАқпарат – Израильдің орталық бөлігінен мыңдаған жыл бойы саз ыдыста сақталған жүздеген алтын тиын табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Тарихи ескерткіштер басқармасының айтуынша, 425 алтын монетаны 18 тамызда Израильдің орталық бөлігіндегі қазба жұмыстарына қатысып жатқан жасөспірімдер тауып алған. Қазына жаңа аудандағы құрылыс аумағынан табылған.

Қазба жұмыстарының жетекшісі Лиат Надав-Зивтің айтуынша, 1100 жыл бұрын көне монетаны тыққан адам оны алып кету үшін ораламын деп ойлап, тиындар қозғалмас үшін ыдысты шегемен бекітіп кеткен. Оған қазынасын әкетуге не кедергі болғаны бізге белгісіз.

Хабарламада монеталар табылған аумақта шеберханалар болғаны айтылған.

Тарихи ескерткіштер басқармасының монеталар бойынша сарапшысы Роберт Кулдің айтуынша, табылған 24 караттық тиындар 9 ғасырда Бағдад халифатын Аббасидтер династиясы басқарған кезге жатады.

Бұл монеталарға адам сол кездегі Египеттің ең бай астанасы – Фустаттың ең әдемі ауданынан үлкен сарай сатып алатын еді.


Соңғы жаңалықтар