Израильде адам ағзаларын сатумен айналысқан генерал тұтқындалды
Полиция мәліметтері бойынша, отставкадағы генерал Меир Замир ақшаға мұқтаж израильдықтарды өз органдарын сатуға көндіріп, операция жасау үшін оларды «Азия мен Шығыс Еуропаның бірқатар елдеріне» алып шығатын алаяқтар тобына кірген. Донорлар өздерінің реципиенттерге туыс екендігі туралы жалған құжатқа қол қоятын болған, бірақ уәде етілген ондаған мың доллардың орнына Израильге келген соң бірнеше жүз доллар ғана алатын болған, ал кейбіреулеріне алаяқтар көк тиын да ұстатпаған. Ал алданған адамдардың қолдарында олардың донор болғандарын қуаттайтын ешқандай медициналық құжат болмағандықтан, олардың шағым-арыздарына ешкім құлақ аса қоймаған. Ал кәсіпкерсымақтар әр бүйрек үшін жеке клиенттерден 120 мың долларға дейін ақша алып келген.