Израильде маймыл шешегін жұқтырғандар саны өскен
Соңғы төрт күнде вирус жұқтырған 11 адам анықталды. Министрлікте атап өткендей, бүгінгі таңда қауіп тобындағы 2 мыңнан астам адам вирусқа қарсы препараттың қос дозасымен вакцинацияланды.
Израиль шілде айының соңында Данияның Bavarian Nordic фирмасы шығарған 5,6 мың вакцинаны жеткізу арқылы халықтың осал топтарын вакцинациялау бағдарламасын бастады. Қыркүйек айында маймыл шешегіне қарсы препараттың 4,4 мың дозасы келеді деп күтілуде. Министрлік қолда бар препараттарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ вакцинаның қосымша дозаларын сатып алу үшін вакцинация критерийлерін кеңейтуді қарастырып жатқанын айтты.
Израильде маймыл шешегін жұқтырғандар саны күрт өскен. Бұған дейін шілде айының ортасында елдің денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегі ауруының тек 11 жағдайын тіркегенін хабарлаған болатын.
Фото: tass.ru