Израильдің әскери-әуе күштері Газа секторына шабуыл жасады
АСТАНА. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат - Израиль авиациясы жексенбіге қараған түні Газа секторына әуе соққысын жасады. Палестинаның ВАФА ресми ақпараттық агенттігінің хабарлауынша,
Ф-16 ұшақтары Газаның солтүстік-шығысындағы металл өңдеуші шеберхананың күл-талқанын шығарған. Оқиға салдарынан 5 адам жараланған.
Газаның солтүстігі мен оңтүстігін байланыстырушы Салах эд-Дин атындағы тас жолда орналасқан тағы бір осындай шеберхана шабуылға ұшыраған. Онда зардап шеккендер жоқ.
Израиль әскери-әуе күштері палестиналықтардың металл өңдеуші шеберханаларын жиі шабуылдап тұрады, Израиль барлауының мәліметтері бойынша, ол шеберханаларда зымырандар жасалатын көрінеді.