Израиль Газа секторының солтүстігіндегі тұрғындарды эвакуациялауға шақырды

АСТАНА. KAZINFORM – Израиль әскері зымыран ұшырылған Газа мен Джебалияның солтүстік батысына соққы жасайды, деп хабарлайды DW.

сектор Газа
Фото: aa.com.tr

Әңгіме Газадан солтүстік батысқа қарай орналасқан аудан мен Джебалияның маңы туралы болып отыр.

Израиль әскерилерінің хабарлауынша, ол жақтан зымыран ұшырылған. Израильдің қорғаныс әскері «зымырын ұшыруға пайдаланылатын жердің әр бөлігіне шабуыл жасайды», деп мәлімдеді ЦАХАЛ.

Израильдің қорғаныс әскері 18 наурыз бен 29 мамыр аралығында эвакуация туралы 32 бұйрық шығарған, деп мәлімдеді FRANCE24.

Журналистердің мәліметтері бойынша, Газа секторының аумағының 2 миллионға жуық адам тұрып жатқан 78% жуығы осы бұйрықтардың ықпалында тұр.

Осыған дейін АҚШ БҰҰ-ның Газадағы атысты тоқтату туралы қарарына вето қойғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар