Израиль Қорғаныс министрі хуситтердің көзін жоятынын айтты

АСТАНА. KAZINFORM – Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац Йемен баскөтерушілерінің «Ансар Аллах» ұйымының көшбасшысы Абдель Малик аль-Хусидің көзін жоятынын айтып, қорқытты.

Израиль туы
Фото: armenpress

Арменпресс-тің ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлауынша, ол сонымен қатар Йемен астанасы Санада хуситтердің туының орнына еврей елінің туы қойылатынын жеткізді.

-Абдель Малик аль-Хуси, сенің уақытың келеді. Сен үкіметіңмен және өзге зұлымдықтың ордасына айналған серіктестеріңмен тозақта жолығасың, - деп жазды Исраэль Кац Х әлеуметтік желісінде.

-Хуситтердің туындағы «Израильге өлім, еврейлерді қарғыс атсын» деген ұран көк пен ақ түсті Израиль туына алмастырылып, Йемен астанасында желбіреп тұрады,-дейді министр.

Хуситтер Газа секторындағы палестиналықтарды қолдау үшін Израиль аумағына үнемі дрондар мен баллистикалық зымырандар ұшырып, сондай-ақ Қызыл теңізде еврей мемлекетімен байланысты жүк кемелеріне шабуыл жасап келеді.

Оған жауап ретінде Израиль әскери әуе күштері Йемен аумағындағы хусит нысандарына соққы беріп жатыр. 28 тамызда Санада жасалған әуе шабуылы кезінде хуситтер құрған үкіметтің 11 мүшесі қаза тапты.

Осыған дейін хуситтердің дроны Израильдің Эйлат курортындағы қонақүйге тигені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар