Израиль Ливанның оңтүстігі мен шығысында «Хезболла» базаларына соққы жасады

АСТАНА. KAZINFORM - Баднаиль, Тарайя және Шимстар қалаларының аумағында күшті жарылысстар болды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС.

Ливан
Фото: Анадолы

Al Jadeed телеарнасының хабарлауынша, Израиль әуе күштерінің жойғыш ұшақтары «Хезболла» базалары орналасуы ытқимал деген нысандарға қуатты соққы жасады.

Куәгерлер әуеден соққы жасалған аудандарда қою түтіннің жоғарыға көтерілгенін айтты. Зардап шеккендер мен мерт болғандар туралы мәліметтер келтірілмеді.

- Израиль ұшақтар Ливанның әуе кеңістігін торуылдап жүр. Олар Бекка алқабы мен Сирия шекарасы аумағында ұшып жүр. Әуеден шабуыл Ливанның оңтүстігінен жасалды. Онда Израиль әуе күштері Джермук, Эль-Джаббур, Эль-Махмудии мен Рейхандағы жер бетіндегі нысандарды атқылады, - делінген хабарламада.

Тәуліктің алғашқы жартысында Израиальдің ұшқышсыз ұшатын аппараттарының шабуылынан «Хезболла» ұйымының екі белсендісі өліп, тағы бес адам жарақат алды.

Республиканың денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерінше, жыл басынан бері Израиль Ливан аумағына 5 мыңнан астам шабуыл жасаған. Солардың салдарынан 337 адам мерт болып, 945-і жарақат алды.

Осыған дейін Израиль әскері Газа секторының оңтүстігінде ұзындығы 7 км болатын туннель таптыү

 

Соңғы жаңалықтар