04:28, 09 Қазан 2025 | GMT +5
Израиль мен ХАМАС бейбітшілік жоспарының бірінші кезеңі бойынша келісімдерге қол қойды — Трамп
АСТАНА. KAZINFORM — Бұл араб және мұсылман әлемі, Израиль және барлық көрші елдер мен АҚШ үшін ұлы күн, деп жазды Трамп Truth Social сайтында.
АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Палестинаның радикалды ХАМАС қозғалысы өкілдері бейбіт жоспардың бірінші кезеңі бойынша келісімдерге қол қойғанын хабарлады.
— Мен Израиль мен ХАМАС бейбітшілік жоспарымыздың бірінші кезеңіне қол қойғанын мақтанышпен хабарлаймын. Бұл барлық кепілге алынғандар жақын арада босатылады дегенді білдіреді. Сондай-ақ Израиль тұрақты, берік және бейбітшілікке алғашқы қадам ретінде өз әскерін келісілген шепке шығарады, — деп жазды Дональд Трамп.
Осыған дейін ХАМАС пен делдалдар арасындағы келіссөздің бірінші раунды оң нәтижемен аяқталғанын жазған болатынбыз.