Израиль мен Ливан Римдегі келіссөздерді жалғастырып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың арағайындығымен Римде Израиль мен Ливан арасындағы атысты тоқтату туралы келісімді іске асыру және Ливанның оңтүстігіндегі жағдайға арналған келіссөздердің жетінші кезеңі жалғасып жатыр. Бұл туралы Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі хабарлады.
Бейсенбі күні тараптар келіссөздердің үшінші күніне кірісті. Онда атысты тоқтату туралы келісімді орындау тетіктері, Израиль әскерін Ливан аумағынан толық шығару және шекара маңына Ливан армиясының бөлімдерін кезең-кезеңімен орналастыру мәселелері талқыланып жатыр.
🚨🇱🇧🇺🇸🇮🇱 After negotiations ended early yesterday because of the escalation in southern Lebanon, the third day of the seventh round of Lebanon-Israel talks has started in Rome. We’ll see what today’s talks bring. pic.twitter.com/xRDRXlfbzU
— ToniMrad (@murat_toni) August 6, 2026
Бұған дейін келіссөздердің екінші күні жоспарланған уақыттан ерте аяқталған болатын. Оған Ливанның оңтүстігіндегі жағдайдың күрт шиеленісуі себеп болды. Израиль Мансури ауылы тұрғындарын эвакуациялауды жариялап, «Хезболланы» атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптап, әуе соққыларын қайта бастаған.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі кездесудің жергілікті жердегі жағдайдың ушығуына байланысты мерзімінен бұрын аяқталғанын растады. Сонымен қатар ол келіссөздер бекітілген кестеге сәйкес жалғасатынын мәлімдеді.
Israel reported on Thursday its first military fatalities in southern Lebanon in more than a month, after carrying out fresh strikes despite ongoing US-backed talks in Rome aimed at ending hostilitieshttps://t.co/ODDNVcHeO6 pic.twitter.com/JgaTY50dOY
— AFP News Agency (@AFP) August 6, 2026
Ливанның Nida Al Watan газетінің хабарлауынша, АҚШ-тың дипломатиялық күш-жігерінің арқасында келіссөздер үзіліп қалмай, үшінші күнгі консультациялар жоспарланғандай бейсенбіде жалғасты.
Келіссөздердегі негізгі келіспеушіліктердің бірі — Ливанның оңтүстігіндегі пилоттық аймақтарды кеңейту мәселесі. Бұл аумақтар Израиль әскері шығарылғаннан кейін кезең-кезеңімен Ливан армиясының бақылауына өтуі тиіс.
Asharq Al-Awsat басылымының мәліметінше, Ливан келесі кезеңге Хиам және Бинт-Жбейль қалаларын қосуды ұсынған. Алайда тараптар бұл мәселеде әзірге ортақ шешімге келе алмады. Бұдан бөлек, келісімдердің орындалуын тексеру, жеке меншік нысандарын инспекциялау және қарулы топтардың инфрақұрылымын жою мәселелері де ашық күйінде қалып отыр.
NGO by the name 'Zazim', which works to mobilize Arab voters, receives funding from the New Israel Fund and the Rockefeller Foundation, both benefiting from U.S. tax exemptions. that political activity by funded groups could raise legal questions and accuse the Israeli left of… pic.twitter.com/8tHEXzfOHA
— DDF NEWS (@ddfmarketing1) August 5, 2026
Соған қарамастан АҚШ тарапы келіссөздердің нәтижесіне оң баға беріп отыр. Axios басылымының АҚШ Мемлекеттік департаментіндегі дереккөзіне сүйенген мәліметіне сәйкес, сарапшылар үшжақты негіздемелік келісімді іске асырудың негізгі тетіктері бойынша елеулі ілгерілеуге қол жеткізген. Вашингтон келіссөздерді нәтижелі өтті деп бағалап отыр.
Келіссөздер Израильдің Ливанның оңтүстігіне жасаған әуе соққылары жалғасып жатқан кезде өтіп жатыр. Израиль бұл операцияларды «Хезболла» тарапынан атысты тоқтату режимінің бұзылуына жауап деп түсіндірсе, Бейрут Израиль күштерін кезең-кезеңімен Ливан аумағынан шығаруды және шекара маңындағы тұрғындарды үйлеріне қайтаруды талап етіп келеді.
At least one Lebanese person and two Israeli soldiers were killed in an Israeli strike in southern Lebanon amid ongoing talks aimed at implementing a ceasefire
— Al Jazeera English (@AJEnglish) August 6, 2026
🔗: https://t.co/msE9u7MR85 pic.twitter.com/4dmXHYl2pF
Еске салсақ, сейсенбі күні Ливан мен Израиль Римде тікелей келіссөздердің жетінші кезеңін бастаған болатын.