Израиль Шығыс Иерусалим бойынша өз ұстанымын өзгертпек емес
АСТАНА. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Израильдің Шығыс Иерусалимге қатысты саясаты өзгермейді, - бүгін Израиль премьер-министрі Биньянмин Нетаньяхудың кеңсесі осындай мәлімдеме жасады,
деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.
Бұл мәлімдеме, АҚШ басшылығымен болған келіссөзі нәтижесіз аяқталған премьер Натаньяху Вашингтоннан оралғаннан кейін келесі күні жасалды.
АҚШ, Израильдің Шығыс Иерусалимдегі еврей орамдарының аясын кеңейту ниетін мақұлдамады. БҰҰ, Еуроодақ және Ресей тараптары да Израиль үкіметін бұл жоспарынан бас тартуға шақырды.
Израиль Шығыс Иерусалимді 1967 жылы соғыс кезінде басып алған болатын. Палестиналықтар бұл ауданды оккупациядағы аумақ деп санаса, израильдықтар - өз елордасының бір ауданы деп санайды.