Израиль Тегеранға жасаған соққыдан Иранның әскери штабының бастығы мерт болғанын мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM – Израильдің қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) сейсенбі күні Тегерандағы командалық орталыққа жасаған соққысының салдарынан Ислам Республикасының жоғары дәрежелі әскери тұлғаларының бірі - Иран Қарулы Күштері әскери штабының бастығы Али Шадманидің өлгенін мәлім етті, деп хабарлайды Синьхуа.

Али Шадмани
Фото: rtvi.com

Соққыны Израиль авиациясы «нақты барлау деректері» мен «кенеттен соққы жасау мүмкіндігіне» ие болған соң жасаған, делінген ЦАХАЛ мәлімдемесінде.

А.Шадмани жоғары дәрежелі командир және ол Иран көшбасшысы Али Хаменейге жақын адамдардың бірі болған, Ислам революциясы сақшылар корпусы мен Иран армиясын басқарған.

Ол Иран қарулы күштерінің қолбасшысы лауазымына осы соғыстың басталуына түрткі болған Израиль соққысынан кейін 5 күндік атыстың бас кезінде мерт болған Алаа Али Рашидтің өлімінен кейін тағайындалған.

А.Шадманидің өлімі «Иранның жоғары әскери қолбасшылығын жоюға бағытталған шаралардың жалғасы болды және ол қолбасшылық тізбегін бұзды», -деп мәлімдеді ЦАХАЛ.

Осыған дейін кибершаубыл Иранның ірі банктерінің бірінің жұмысына нұқсан келтіргені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар