Израиль университеті мұсылмандардың мерекелік күндерінде демалыс жариялады

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Израильдің бір университеті мұсылмандардың мерекелік күндерін ресми демалыс етіп жариялады. Мұндай қадам Израиль тарихында алғаш рет жасалып отыр. Бұл жайында al-Quds хабар таратты. Мұндай шешімді Хайф университетінің декандар кеңесі қабылдады. Осыған сәйкес студенттер енді ораза және құрбан айт күндері демалатын болды. Сонымен қатар, христиандардың Роджество күнінде де демалыс жарияланды, деп хабарлайды muslim.kz.
None
None

Декандар кеңесінің бұл қаулысы келесі оқу жылынан бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар