Израильдік футбол жанкүйерлері мен Палестина жақтастары арасындағы қақтығыстан кейін ондаған адам қамауға алынды
АСТАНА. KAZINFORM — Нидерланд билігі жұма күні Амстердамда израильдік «Маккаби Тель-Авив» футбол клубының жақтастары мен палестиналықтарды жақтаушылар арасындағы екі күндік қақтығыстардан кейін ондаған адам қамауға алынды деп хабарлады, Синьхуа агенттігі.
Сәрсенбі күні кешке Амстердамның орталығындағы бір ғимараттан израильдік футбол клубының жақтастары Палестина туын алып тастап, палестиналық шерушілермен қақтығысты. Бейсенбі күні кешке Еуропа лигасы аясындағы «Аякс» пен Тель-Авивтің «Маккаби» кездесуінде де қақтығыстар болды.
Полиция израильдік жанкүйерлерді қорғау үшін оларды қонақүйлерге дейін шығарып салған. Бұл туралы Амстердам мэрі мен полиция сондай-ақ прокуратура күш бірікітіріп, мәселені қалай шешуге тырысқандары туралы мәлімдеме барысында айтты.
Тәртіпсіздік кезінде бірнеше адам жараланып, 57 адам қамауға алынды, деп хабарлады полиция.
Голландиялық БАҚ-тың хабарлауынша, жергілікті билік қазіргі жағдайға қатты алаңдап отырған Израиль елшілігімен және Амстердамның еврей қауымдастығымен тығыз байланыста.
Еске сала кетейік, бұған дейін Израиль қорғаныс күштері Голландия астанасында «Маккаби Тель-Авив» футбол клубының жанкүйерлеріне қастандық жасалғаннан кейін Амстердамға «дереу құтқару миссиясын жіберуге» дайындалып жатқанын мәлімдегенін жазған болатынбыз.