Израильдік қоныстанушылар Батыс жағалауда палестиналықтардың көліктерін өртеп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM - Израильден қоныс аударғандар палестиналықтардан тартып алынған жерлерді өртеп жатыр. Оқиға оккупацияланған Батыс жағалаудағы Месафир Ятта ауданындағы Сусия ауылында болған. Онда израильдік қоныстанушылар палестиналықтардың көліктерін өртеген, деп жазады Анадолы.

Палестина
Фото: Анадолы

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, шабуыл ауызашар мен тарауих намазының арасында жасалған. Қоныстанушылар төрт үй мен палестиналық отбасыларға тиесілі бірнеше көлікті әдейі өртеген.

Салдарынан бірқатар көлік жарамсыз күйге түсті, үйлерге елеулі зиян келді.

Израиль парламентінің депутаты Аймен Ауде бұл шабуылдар Тель-Авив билігінің қолдауымен жасалып жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, өрт салдарынан көптеген палестиналық отбасы үйлерінде қамалып отыр.

- Оккупация тек қиратпайды, ол жояды, өртейді, сүріп тастайды және ең бастысы - өлтіреді, — деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Израиль армиясы аймақта палестиналықтардың мүлкін қасақана өртеу фактісі туралы ақпарат түскенін және тергеу басталғанын хабарлады.

Хеврон қаласының оңтүстігіндегі Месафир Ятта ауылы Израиль армиясы мен қоныстанушылар тарапынан жиі шабуылға ұшырайды.

Осыған дейін палестиналықтардың Газада Израиль соққыларынан 10 тұрғынның мерт болғанын хабарлағаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум