Израильдің Бейрутқа шабуылы: Қазақстан елшілігі қалыпты жұмыс істеп тұр

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ливандағы Қазақстан елшілігі қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын және қажет болған жағдайда көмектесуге дайын екенін хабарлады. 

Айбек Смадияров
Фото: Әділет Беремқұлов/ Kazinform

Министрлікте өткен брифингте ресми өкіл әуе соққылары жасалған аймақта қазақстандықтардың бар-жоғы туралы сұраққа жауап берді.

— Ондағы біздің азаматтарымыздың болуы туралы ақпарат жоқ, бірақ біздің елшілігіміз жергілікті билікпен байланыста отыр. Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы біз азаматтарымызды эвакуациялаған едік, егер олар өз бетімен тұрғылықты жеріне қайта оралмаса, — деп жауап берді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, қазақстандықтарға көмек қажет болса, елшілікке жүгіне алады.

Еске салайық, 23 қараша күні Израиль Бейруттың бір ауданына әуе соққыларын жасағаны хабарланған еді.

Соққы салдарынан бес адам қаза тауып, тағы 28 адам жараланды.

Соңғы жаңалықтар