Израильдің Газадағы тұрғын үйге жасаған соққысынан 12 бала қаза тапты

Израильдің Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласындағы тұрғын үйге жасаған соққысы нәтижесінде 12 бала мен 4 әйел қаза тапты. Бұл туралы CNN дәрігерлердің мәліметіне сілтеме жасап хабарлады.

сектор Газа
Фото: Abed Rahim Khatib/dpa

Оның айтуынша, барлығы 21 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған.

Бұған дейін Al Jazeera Израильдің шабуылы салдарынан Рафах қаласында кем дегенде 20 адамның қаза тапқанын хабарлаған.

7 қазаннан бері Израиль шабуылы салдарынан 20 400-ден астам палестиналық мерт болды. 7 қазандағы ХАМАС соққысынан 1139 Израиль азаматы қаза тапты.

БҰҰ хабарлауынша, Газа секторында екі миллионға жуық адам азық-түлік пен су жетіспеуінен зардап шегіп отыр. Бағалау бойынша, су қорының 96%-і адам тұтынуға жарамсыз. Алғашқы қажеттілік заттары, оның ішінде ауыз су мен дәрі-дәрмек жетіспей жатыр.

Бұған дейін Израиль билігі Газа секторының оңтүстігіндегі халықты дереу көшіруге бұйырғаны хабарланған болатын.

Сондай-ақ Израильдің Газа секторына соққылары салдарынан 7 қазаннан бері 20 258 адам мерт болды, тағы 53 688-і жарақат алғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар