Израильге Газада кепілде болған тағы бір адамның денесінің бөліктері тапсырылды

АСТАНА. KAZINFORM - Израиль әскерилері Газа секторында болжам бойынша кепілге алынған адамның денесінің бөлшектері салынған тағы бір табытты алды. Бұл туралы Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) хабарлады деп мәлім етті ресейлік ТАСС.

ХАМАС Палестина Израиль
Фото: Anadolu

ЦАХАЛ мәлімдемесінде жақын арада сарбаздар Газадан жеткізілген табыттың Израиль аймағына жеткізілетінін мәлімдеді. Онда мәйіттің кімге тиесілі екен тексеріледі. 
Бұған дейін Израиль жақында ХАМАС жіберген адам денесінің бөлшектерінің Газа секторында қалған екі адаммен ешқандай байланысы жоқ екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, 9 қазан күні Израиль мен палестиналық ХАМАС қозғалысы. Мысыр, Қатар, АҚШ пен Түркияның арағайындығымен АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбіт келісімінің бірінші кезеңін жүзеге асыратын болып келісті. Атысты тоқтату режимі 10 қазан күні күшіне енді. ХАМАС 13 қазан күні кепілге алынған 20 тірі адамды босатып, ұрланған 4 адамның денесінің бөлшектерін берді. Израиль тарапы радикалдардың 28 мәйіттің тек төртеуін ғана бергеніне наразы болды. 

Осыған дейін Израиль тарапынан Сирияның оңтүстігіне жасалған операциядан 10-нан астам адам қаза тапқаны туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар