Japan Airlines банкроттық рәсімін бастайды
АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат - Japan Airlines авиакомпаниясы директорлар кеңесінің сейсенбі күнгі отырысында банкроттықтан қорғау рәсіміне өтініш білдіруді шешті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Ру сайтына сілтеме жасап.
Дүйсенбі күні Japan Airlines-тің акциялары өзінің ең төменгі шегіне дейін құлдырады: бүкіл авиакомпанияның құны бір «Боинг 747» жаңа лайнерінің бағасына тең.
Жапония үкіметі компанияны қайта құрылымдауды жүргізуді жоспарлап отыр, онда қызметкерлерді айтарлықтай қысқарту енгізілетін болады.