Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Құрылтай сайлауы: Jibek Joly радиосы эфирінен уақыт беру шарттары

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» ШЖҚ РМК-ның 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысу үшін партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға «Jibek Joly» радиоарнасында эфирлік уақытты беруге арналған жалпы шарттары.

Jibek Joly радиосы
Фото: Kazinform

«Jibek Joly» радиоарнасының (бұдан әрі – Радиоарна) меншік иесі Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттарының партиялық тізімдерін ұсынған және тіркеген саяси партияларға (бұдан әрі – Саяси партия) сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) орналастыру үшін Радиоарнада эфирлік уақытты берудің төлеу мөлшері, үгіт материалдарын орналастыру шарттары және тәртібі туралы хабарлайды.

Сайлау алдындағы үгіт партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады. Осылайша, Үгіт материалдарын Радиоарна эфирінде орналастыру 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 18.00-ден кейін жүзеге асырылады және 2026 жылғы 22 тамызда сағат 00:00-де аяқталады. 

Радиоарнада эфирлік уақытты беру Кәсіпорын мен партиялық тізімдерді ұсынған Саяси партия немесе Саяси партияның уәкілетті тұлғасы арасында жасалатын жазбаша шарт негізінде жүзеге асырылады. Эфирлік уақыт қолда бар техникалық мүмкіндіктер ескеріле отырып ұсынылады.

Эфирлік уақытты беру туралы шарт жасасуға Саяси партияның не оның уәкілетті өкілінің Кәсіпорын басшылығының атына жазбаша өтініші негіз болып табылады. Үгіт материалдарын эфирде орналастырудың саны, көлемі, болжанатын күні мен уақыты Саяси партияның не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, олар кейіннен шарттың талаптарымен бекітіледі.

Өтініш Саяси партиялардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмірі мен келіп түскен күнін беру арқылы тіркеледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) партиялық тізімнің ұсынылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
2) Саяси партияның уәкілетті өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
4) шарт жасасу үшін адамның өкілеттігін растайтын құжаттар (сенімхат).

Саяси партиялардың Үгіт материалдарын Радиоарна эфирінде орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен не егер өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді. Жеребені өткізу тәртібі мен шарттарын Кәсіпорын айқындайды.

Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтте сұралған уақыт бұрын жүгінген басқа Саяси партияға берілсе не техникалық мүмкіндіктері бойынша берілмесе, Кәсіпорын Саяси партияға Радиоарнаның техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Үгіт материалдарын орналастыру үшін өзге уақыт ұсынады.

Үгіт материалдары Кәсіпорынға сайлауалды үгіттің бірінші күнінде жазбаша өтініш берген кезде сол күні эфирге шыққанға дейін 6 сағаттан кешіктірмей, ал келесі күндері – Радиоарнада эфирге шығуы болжанғанға дейін кемінде күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын ұсынылуы тиіс.

Үгіт материалдары мынадай талаптарға сай болуы тиіс:

Файл пішімі: MP3
Дискреттеу жиілігі: 48 000 Гц (48 kHz)
Битрейт: кем дегенде 320 kbps
Стерео

Аудио материалдар сыртқы тасымалдағыштарда (қатты диск, флэш-карта) не электрондық жадқа сілтеме беру арқылы беріледі.

Бейнетасығышпен бір мезгілде эфир уақытын беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлға қол қойған Үгіт материалының мазмұны болып табылатын мәтіннің толық жазылуы ұсынылады.

Үгіт материалдарында осы материалдарды шығарған ұйым, тапсырыс берген тұлғалар туралы мәліметтер, сондай-ақ қаржыландыру көздері туралы мәліметтер болуға тиіс. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде үгіт материалдарын дайындауға, анонимді үгіт материалдарын таратуға, сондай-ақ ағымдағы науқанға дайындалмаған материалдарды пайдалануға тыйым салынады.

Үгіт материалдарында олардың төленгені, қаржыландыру көздері туралы дыбыстық ақпарат болуға тиіс

Үгіт материалдарын ұсынған Саяси партиялар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген талаптар мен тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған жағдайда Үгіт материалдарын эфирге беру жүргізілмейді не бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Үгіт материалдарында конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этникалық, діни басымдық немесе алауыздық, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну, заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құралымдар құру идеялары болса, сондай-ақ оларда басқа саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда, Кәсіпорын Үгіт материалдарын орналастырудан бас тартады.

Кәсіпорын кандидаттардың немесе саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда, Үгіт материалдарын эфирге шығарудан бас тартады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген эфир уақытын беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

1. Jibek Joly радиоарнасында үгіт материалдарды орналастыру үшін эфирлік уақытты беру

Қызмет атауы

Шығу уақыты

Құны,теңге ҚҚС-пен

1

Аудиороликтерді орналастыру

06:00-24:00

1 секунд үшін 650 теңге

2

Арнайы репортаждар, сұхбаттарды орналастыру

06:00-24:00

1 секунд үшін 1000 теңге

Үгіт материалдарын Радиоарнада орналастыруға жасалған шарт бойынша төлем шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Кәсіпорын ұсынған төлем шоты негізінде жүзеге асырылады.

Кәсіпорын жазбаша өтініштерді 2026 жылғы 23 шілдеден бастап 2026 жылғы 18 тамызды қоса алғанда, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 09.00-дан 18.00 минутқа дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, Астана қаласы, Ақмешіт көшесі 3 мекенжайы бойынша 6 қабат, 606 кеңседе, 570269 (ішкі 620) телефон арқылы қабылдайды.

Факсимильді және интернет байланысы арқылы жазбаша өтініштер қабылданбайды.

Қазақстан Республикасы Президенті

Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы

Президентінің телерадиокешені» ШЖҚ РМК