Jibek Joly / Silk Way арнасындағы жаңа премьералар: құрлықтарды тоғыстырған жобалар

АСТАНА. KAZINFORM — Jibek Joly / Silk Way Алматыдан Сеулге, Ереваннан Ұлан-Батырға дейінгі көрермен назарын бір арнаға тоғыстыра алатын, жарқын жобаларға толы жаңа телевизиялық маусымын ұсынады.

Jibek Joly / Silk Way арнасындағы жаңа премьералар: құрлықтарды тоғыстырған жобалар
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Көптен күткен премьералардың бірі — «Silk Way Star». 

Jibek Joly / Silk Way арнасындағы жаңа премьералар: құрлықтарды тоғыстырған жобалар
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Халықаралық музыкалық жоба алғаш рет жыл оқиғасына айналып отыр.

Халықаралық музыкалық жоба алғаш рет жыл оқиғасына айналып отыр.
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Ұлы Жібек жолының бойындағы 12 мемлекеттің, Әзербайжаннан бастап, Оңтүстік Кореяға дейінгі аралықтағы ел таланттарын бір сахнада біріктірген шоу тартымды сайыс тапсырмалары, кросс-мәдени дуэттер, ондаған тілде шырқалатын әуезді әндер мен гала-концерттен тұрады.

Jibek Joly / Silk Way арнасындағы жаңа премьералар: құрлықтарды тоғыстырған жобалар
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Дәл осы жоба қорытындысында өнер әлеміндегі мультимәдени форматтағы алғашқы жұлдыздың есімі елге танылады.

Jibek Joly / Silk Way арнасындағы жаңа премьералар: құрлықтарды тоғыстырған жобалар
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Silk Way Star» — бұл шекарасыз музыка әлемі.

Jibek Joly / Silk Way арнасындағы жаңа премьералар: құрлықтарды тоғыстырған жобалар
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Әлемдік аудитория премьераны 20-қыркүйекте тамашалайды.

Jibek Joly / Silk Way арнасындағы жаңа премьералар: құрлықтарды тоғыстырған жобалар
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Jibek Joly / Silk Way арнасындағы жаңа премьералар: құрлықтарды тоғыстырған жобалар
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Халықаралық байқауға Қазақстан атынан отандық эстрада жұлдызы, композитор, әйгілі Ninety One тобының мүшесі Батырхан Маликов (Alem) қатысады.

Әлем
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Жоба алаңына әр ел мәдениетінің ең таңдаулы әртістері шығып, күллі әлемге музыканың құдыреті мен таланттарын паш етеді.

Jibek Joly / Silk Way арнасындағы жаңа премьералар: құрлықтарды тоғыстырған жобалар
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Сонымен қатар жаңа маусымда реалити-шоулар, сараптамалық салмақты бағдарламалар мен еңбек адамдары жайлы бірегей жобалар ұсынылады.

Jibek Joly / Silk Way арнасындағы жаңа премьералар: құрлықтарды тоғыстырған жобалар
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

«Ең мықты» — жұмысшы мамандықтар жылы аясында түсірілген реалити-шоу. 20 қатысушы да қарапайым еңбек адамдары: құрылысшылар, дәнекерлеушілер, механиктер — тосын, төтенше, қиын сынақтардан өтіп, күш-жігердің, мінездің және тапқырлықтың нағыз ерлік екенін дәлелдейді. Бұл — еңбекке деген құрметті дәріптейтін шоу.

Jibek Joly / Silk Way арнасындағы жаңа премьералар: құрлықтарды тоғыстырған жобалар
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

«Кеш емес» — сан түрлі тағдырды бастан кешірген нәзік жандылар жайлы бағдарлама. Олар сахнаға шығып, аяқсыз қалған армандарын жүзеге асырады. Әрбірінің өнері — әйел затының жігері, таланты мен сұлулығын танытады.

Jibek Joly / Silk Way арнасындағы жаңа премьералар: құрлықтарды тоғыстырған жобалар
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

«Life of a diplomat» жобасында халықаралық аудитория алғаш рет қазақстандық дипломатиялық қызметтің қыр-сырымен танысады. Бұл — үлкен саясат шымылдығы артындағы «құпиялармен» танысуға жол ашатын сирек мүмкіндік.

Jibek Joly / Silk Way арнасындағы жаңа премьералар: құрлықтарды тоғыстырған жобалар
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

«Ең арзан той» — несиеге жүгінбестен, артық шығынсыз салтанатты той жасаудың тиімді жолы көрсетілетін реалити-шоу. Жобадағы оқиғалар көрерменге етене таныс әрі шынайы.

Jibek Joly / Silk Way арнасындағы жаңа премьералар: құрлықтарды тоғыстырған жобалар
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Жаңа телевизиялық маусымда қоғамдық-саяси тақырыптағы маңызды жобалар жалғасын табады.

Jibek Joly / Silk Way арнасындағы жаңа премьералар: құрлықтарды тоғыстырған жобалар
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

«Бүгін.Live» — Jibek Joly студиясында сарапшылар, кейіпкерлер мен куәгерлер тікелей эфирде бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерін ортаға салып, көпті толғандырған өткір тақырыптарды талқылайды.

Jibek Joly / Silk Way арнасындағы жаңа премьералар: құрлықтарды тоғыстырған жобалар
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Большая дипломатия» — елдегі және әлемдегі өзекті оқиғалар туралы ашық талқы. Отандық және шетелдік сарапшылар, саясаттанушылар Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымының ел қауіпсіздігінен бастап, экономикасы мен әлеуетіне, қоғамдық өлшеміне әсерін ашық талқылайды.

«Правда в деталях» — Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидатын қолдауға арналған журналистік зерттеу. Бағдарламада кейінгі жылдардағы ең резонансты қылмыстық істер: ірі есірткі зертханаларының әшкереленуі, ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесу, сыбайлас жемқорлық деректері баяндалады.

«Жаһан жайы» — халықаралық оқиғалар қазақстандық көзқарас тұрғысынан қарастырылатын бағдарлама. Жоба ұлттық құндылықтарға, мәдениетке және еліміздің жаһандық контекстегі стратегиялық ұстанымына басымдық береді.

Jibek Joly / Silk Way арнасындағы жаңа премьералар: құрлықтарды тоғыстырған жобалар
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Жаңа маусымдағы Jibek Joly / Silk Way — бұл әлемді шынайы сезінетін, шын сөйлейтін және баршаны біріктіретін телеарна. Мұнда ойдан құрастырылған кейіпкерлер жоқ — тек шынайы адамдар, риясыз сезімдер мен маңызды мазмұн бар!

Соңғы жаңалықтар